التكوير
The Overthrowing • 29 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Күн бүктелген сәтте,
2Жұлдыздар солып шашылған сәтте,
3Таулар жүркізілген сәтте,
4Қаймал іңгендер ,иен жіберілген сәтте, (Сол күннің зардабынан бошалған түйе де естен шығады.)
5Жан-жануарлар жиналған сәтте,
6Теңіздер қайнатылған сәтте,
7Жан тәнмен бірлестірілген сәтте,
8Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте,
9Қай күнәмен өлтірілді?
10Даптердер ашылған сәтте,
11Аспан ашылған сәтте,
12Тозақ қыздырыдған сәтте,
13Ұжмақ жақындатылған сәтте;
14Әркім не әзірлегенін біледі.
15Жоқ,солғындаған жұлдыздарға серт,
16Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант.
17Қараңғылана бастаған түнге серт,
18Ағара бастаған таңға серт;
19(Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (69-С.40-А)
20Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді,
21Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С)
22Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С) жынды емес.
23Расында ол,оны ашық көк жиекте көрді.(Мұхаммде Ғ.С Жебрейіл Ғ.Сды шығыс көк жиекте көрген.Б.Ж.М.)
24Мұхаммед (Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (Б.Ж.М.)
25Құран,қуылған шайтанның сөзі емес.
26Ендеше,Қайда кетіп бара жатырсыңдар?
27Құран,бүкіл әлемге нәсихаттан басқа еш нәрсе емес.
28Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін;
29Әлемдердің Раббы Алла,қаламайынша тілеулерің жүрмейді.