الانفطار
The Cleaving • 19 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Көк жарылған сәтте,
2Жұлдыздар төгілген сәтте,
3Теңіздер тасыған сәтте,
4Қабырлар қопарылған сәтте,
5Әркім ілгері не жіберілгенін,кейін не қалдырылғанын біледі.
6Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады?
7Ол сондай Алла,сені жаратты.Толықтап теңестірді.
8Ол,сені қалаған бейнеде құрастырды.
9Жоқ,олай емес,дінді өтіріксінесіңдер.
10Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар.
11Ардақты жазушылар,
12Олар не істегендеріңді біледі.
13Шын мәнінде ізгілер,әлбетте нығымет ішінде болады.
14Негізінен бұзықтар тозақта болады.
15Олар қиямет күні тозаққа салынады.
16Олар,одан ғайып бола алмайды.
17Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің?
18Я,қиямет күннің не екенін қайдан білесің.
19Ол күні,Біреуге біреу қараяласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні,әміп Аллаға тән. (28-С.88-А.)