الشمس
The Sun • 15 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Күнге және оның жарығына,
2Ай,күнге ерген сәтте,
3Жарқыраған сәтте күндізге,
4Күнідізді жапқан кезде түнге.
5Аспанға және оны жасағанға,
6Жерге және оны жайғанға,
7Кісіге және оны толықтағанға,
8Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А)
9Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да;
10Әлде кім оны кірлетсе қор болды.
11Сәмүдтің азғындары өтіріксінді.
12Оның ең жауызы қарсы шыққанда,
13Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді.
14Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды.
15Алла,оның соңынан қорықпайды.