الليل
The Night • 21 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Қараңғылығы басқан сәтте,түнге,
2Жарқыраған сәтте күндізге,
3Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт.
4Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі.
5Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса,
6Жақсылықты дұрыс деп білсе;
7Сонда оның жолын оңайластырамыз.
8Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе,
9Жақсылықты жасынға шығарса;
10Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз.
11(Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді.
12Негізінде тура жол көрсету бізге тән.
13Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі.
14Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.
15Оған жауыздар ғана кіреді.
16Сондай өтірік деп жалтарғандар.
17Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады.
18Сондай малын сарып қылып тазарғандар.
19Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес)
20Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді.
21Сондай ақ ол,таяуда разы болады.