An-Nazi'at

النازعات

Those Who Drag Forth46 ayahsMeccan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرۡقٗا﴿١

1Сүңгіп шығарушы,

وَٱلنَّٰشِطَٰتِ نَشۡطٗا﴿٢

2Баяу тартушы,

وَٱلسَّٰبِحَٰتِ سَبۡحٗا﴿٣

3Малтап кетуші,

فَٱلسَّٰبِقَٰتِ سَبۡقٗا﴿٤

4Жарысып озушы,

فَٱلۡمُدَبِّرَٰتِ أَمۡرٗا﴿٥

5Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.

يَوۡمَ تَرۡجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ﴿٦

6Ол күні қатты сілкініс болады.

تَتۡبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ﴿٧

7Оның артынан тағы бір сілкінеді.

قُلُوبٞ يَوۡمَئِذٖ وَاجِفَةٌ﴿٨

8Ол күні жүректер тітірейді.

أَبۡصَٰرُهَا خَٰشِعَةٞ﴿٩

9Көздері төмен қарайды.

يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرۡدُودُونَ فِي ٱلۡحَافِرَةِ﴿١٠

10(Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді.

أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا نَّخِرَةٗ﴿١١

11"Қоқым, сүйек болған сәтте де?"

قَالُواْ تِلۡكَ إِذٗا كَرَّةٌ خَاسِرَةٞ﴿١٢

12(Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді.

فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ﴿١٣

13Негізінен ол, бір айғай ғана.

فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ﴿١٤

14Дереу сол уақытта олар майданда.

هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ﴿١٥

15Саған Мұсаның хабары келді ме?

إِذۡ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلۡوَادِ ٱلۡمُقَدَّسِ طُوًى﴿١٦

16 Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады:

ٱذۡهَبۡ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ﴿١٧

17"Перғауынға бар. Өйткені ол, азды."

فَقُلۡ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ﴿١٨

18Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де.

وَأَهۡدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخۡشَىٰ﴿١٩

19"Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың"

فَأَرَىٰهُ ٱلۡأٓيَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰ﴿٢٠

20Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.

فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ﴿٢١

21Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты.

ثُمَّ أَدۡبَرَ يَسۡعَىٰ﴿٢٢

22Кейін теріс айналып, жүгірді.

فَحَشَرَ فَنَادَىٰ﴿٢٣

23Адамдарды жинап, айғай салып:

فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلۡأَعۡلَىٰ﴿٢٤

24"Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді.

فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلۡأٓخِرَةِ وَٱلۡأُولَىٰٓ﴿٢٥

25Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды.

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبۡرَةٗ لِّمَن يَخۡشَىٰٓ﴿٢٦

26Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.

ءَأَنتُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُۚ بَنَىٰهَا﴿٢٧

27Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.

رَفَعَ سَمۡكَهَا فَسَوَّىٰهَا﴿٢٨

28Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.

وَأَغۡطَشَ لَيۡلَهَا وَأَخۡرَجَ ضُحَىٰهَا﴿٢٩

29Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды.

وَٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ﴿٣٠

30Сосын жерді төседі.

أَخۡرَجَ مِنۡهَا مَآءَهَا وَمَرۡعَىٰهَا﴿٣١

31Одан су және жайылыс майданға келтірді.

وَٱلۡجِبَالَ أَرۡسَىٰهَا﴿٣٢

32Оған таулар орналастырды.

مَتَٰعٗا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ﴿٣٣

33Сендер және малдарың пайдалану үшін.

فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلۡكُبۡرَىٰ﴿٣٤

34Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте;

يَوۡمَ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ﴿٣٥

35Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады.

وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ﴿٣٦

36Тозақ, көретіндерге көрсетіледі.

فَأَمَّا مَن طَغَىٰ﴿٣٧

37Ал енді кім шектен шыққан болса,

وَءَاثَرَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا﴿٣٨

38Оған дүние әсер еткен болса,

فَإِنَّ ٱلۡجَحِيمَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ﴿٣٩

39Сонда рас оның орны тозақ.

وَأَمَّا مَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفۡسَ عَنِ ٱلۡهَوَىٰ﴿٤٠

40Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса,

فَإِنَّ ٱلۡجَنَّةَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ﴿٤١

41Негізінде оның барар жері ұжмақ

يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَا﴿٤٢

42(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды.

فِيمَ أَنتَ مِن ذِكۡرَىٰهَآ﴿٤٣

43Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе?

إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ﴿٤٤

44Оны қортындысы, Раббыңа байланысты.

إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخۡشَىٰهَا﴿٤٥

45Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың.

كَأَنَّهُمۡ يَوۡمَ يَرَوۡنَهَا لَمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا عَشِيَّةً أَوۡ ضُحَىٰهَا﴿٤٦

46Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.

RELATED SURAHS