An-Naba

النبأ

The Tidings40 ayahsMeccan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ﴿١

1Олар не нәрседен сұрасады?

عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ﴿٢

2Зор уақиғадан.

ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ﴿٣

3Олар, ол жөнде таласуда.

كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ﴿٤

4Әсте олай емес, олар тез біледі.

ثُمَّ كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ﴿٥

5Тағы олай емес, олар тез біледі.

أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدٗا﴿٦

6Жерді бір төсеніш қылмадық па?

وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادٗا﴿٧

7Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)

وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجٗا﴿٨

8Сендерді жүп-жүп жараттық.

وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتٗا﴿٩

9Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.

وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسٗا﴿١٠

10Түнді жамылғы қылдық.

وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشٗا﴿١١

11Күндізді тіршілікке жараттық.

وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعٗا شِدَادٗا﴿١٢

12Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.

وَجَعَلۡنَا سِرَاجٗا وَهَّاجٗا﴿١٣

13Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.

وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءٗ ثَجَّاجٗا﴿١٤

14Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.

لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبّٗا وَنَبَاتٗا﴿١٥

15Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;

وَجَنَّٰتٍ أَلۡفَافًا﴿١٦

16Және ну бақшалар...

إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتٗا﴿١٧

17Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.

يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجٗا﴿١٨

18ұрілген күні, топ-топ келесіңдер.

وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبٗا﴿١٩

19Көктер сетінеп есіктер пайда болады.

وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا﴿٢٠

20Таулар жүргізіліп, сағым болады.

إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادٗا﴿٢١

21Әлбетте тозақ күтіп тұрады;

لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابٗا﴿٢٢

22Азғындардың барар жері.

لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابٗا﴿٢٣

23Олар онда ғасырларша тұрады.

لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدٗا وَلَا شَرَابًا﴿٢٤

24Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.

إِلَّا حَمِيمٗا وَغَسَّاقٗا﴿٢٥

25Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.

جَزَآءٗ وِفَاقًا﴿٢٦

26Қылмыстарына сай бір жаза.

إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابٗا﴿٢٧

27Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.

وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابٗا﴿٢٨

28Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.

وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبٗا﴿٢٩

29Әр нәрсені жазып, сақтадық.

فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا﴿٣٠

30"Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді.)

إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا﴿٣١

31Негізінде тақуалар үшін құтылу бар.

حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبٗا﴿٣٢

32Бақшалар, жүзімдер бар.

وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابٗا﴿٣٣

33Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.)

وَكَأۡسٗا دِهَاقٗا﴿٣٤

34Толып, тасыған кәсе бар.

لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوٗا وَلَا كِذَّٰبٗا﴿٣٥

35Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;

جَزَآءٗ مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابٗا﴿٣٦

36Раббыңнан толық бір сыйлық.

رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابٗا﴿٣٧

37Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.

يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ صَفّٗاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابٗا﴿٣٨

38Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.

ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا﴿٣٩

39Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.

إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابٗا قَرِيبٗا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا﴿٤٠

40Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді.

RELATED SURAHS