المرسلات
Those Sent Forth • 50 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Жалғасты жіберілгендерге,
2Қатты есіп, ұшырушыларға,
3Тарқатқан сайын тарқатушыларға,
4Айырған сайын айырушыларға,
5Сосын зікір тастаушыларға,
6Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)
7 Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.
8Жұлдыздар сөнген сәтте,
9Көк жарылғанда,
10Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,
11Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;
12Қайсы күнге кешіктіріліп еді?
13Шешім күніне.
14Ол шешім күнін қайдан білесің?
15Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
16Бұрынғыларды жоқ етпедік пе?
17Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз.
18Күнәкарларға осылай істейміз.
19Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!
20Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?
21Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе?
22Белгілі бір мерзімге дейін.
23Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз.
24Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш!
25Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?
26Тірілерге де өлілерге де.
27Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.
28Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
29(Ол күні оларға): "Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;"
30"Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер" (делінеді.)
31Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды.
32Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады.
33Сары түйелердей.
34Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
35Ол күні олар сөйлемейді.
36Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді.
37Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
38Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз.
39Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар.
40Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
41Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады.
42Көңілдері соққан жемістерде.
43(Оларға): "Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді.)
44Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз.
45Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
46(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар.
47Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш!
48Оларға: "Иіліңдер" делінсе, иілмейді.
49Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!
50Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді?