الإنسان
Man • 31 ayahs • Medinan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме?
2Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.
3Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін.
4Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаган тозақ әзірледік.
5Әрине жақсылар, жаннатта: "Кәфүр" қосылған кеседен ішеді.
6Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау.
7Ол Алланың құлдары "нәзірін" орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады.
8Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді.
9Олар: "Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз."
10"Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз." (дейді)
11Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді.
12Оларды сабыр еткендіктері үшін ұжмақ және жібекпен сыйлайды.
13Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді.
14Оларға бейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.
15Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады.
16Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады.
17Бейіште оларға "Зәнжәбил" араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі.
18Ол, бейіште "Сәлсәбил" деп аталатын бір бастау бар.
19Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.
20Сол жерге қараған сәтте; нығымет, зор салтанат көресің.
21Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді. (37-С. 45-47-А., 47-С. 15-А., 56-С. 17-19-А.)
22"Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды."
23(Мұхаммед Ғ.С.) расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік.
24Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба.
25Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет.
26Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте.
27Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды.
28Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз. (Оларды жоқ етіп, басқа сондай ел жарата аламыз.) (56-С. 60-А.)
29Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар.
30Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі.
31Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады.