Al-Qiyamah

القيامة

The Resurrection40 ayahsMeccan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

لَآ أُقۡسِمُ بِيَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ﴿١

1Жоқ, қиямет күніне ант етемін.

وَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلنَّفۡسِ ٱللَّوَّامَةِ﴿٢

2Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін.

أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَلَّن نَّجۡمَعَ عِظَامَهُۥ﴿٣

3Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма?

بَلَىٰ قَٰدِرِينَ عَلَىٰٓ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُۥ﴿٤

4Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз.

بَلۡ يُرِيدُ ٱلۡإِنسَٰنُ لِيَفۡجُرَ أَمَامَهُۥ﴿٥

5Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді

يَسۡـَٔلُ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلۡقِيَٰمَةِ﴿٦

6"Қиямет күні қашан болады?',- деп, сұрайды.

فَإِذَا بَرِقَ ٱلۡبَصَرُ﴿٧

7Қашан көз шағылысқан,

وَخَسَفَ ٱلۡقَمَرُ﴿٨

8Ай тұтылған,

وَجُمِعَ ٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ﴿٩

9Күн мен ай бір араға келтірілген кезде.

يَقُولُ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذٍ أَيۡنَ ٱلۡمَفَرُّ﴿١٠

10Адамдар сол күн: "Қашар жер қайда?",- дейді.

كَلَّا لَا وَزَرَ﴿١١

11Жоқ, әсте пана жоқ.

إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمُسۡتَقَرُّ﴿١٢

12Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды.

يُنَبَّؤُاْ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذِۭ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ﴿١٣

13Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (36-С. 12-А.)

بَلِ ٱلۡإِنسَٰنُ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦ بَصِيرَةٞ﴿١٤

14Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші:

وَلَوۡ أَلۡقَىٰ مَعَاذِيرَهُۥ﴿١٥

15Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.)

لَا تُحَرِّكۡ بِهِۦ لِسَانَكَ لِتَعۡجَلَ بِهِۦٓ﴿١٦

16(Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа.

إِنَّ عَلَيۡنَا جَمۡعَهُۥ وَقُرۡءَانَهُۥ﴿١٧

17Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет.

فَإِذَا قَرَأۡنَٰهُ فَٱتَّبِعۡ قُرۡءَانَهُۥ﴿١٨

18Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес.

ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا بَيَانَهُۥ﴿١٩

19Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.

كَلَّا بَلۡ تُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ﴿٢٠

20Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер.

وَتَذَرُونَ ٱلۡأٓخِرَةَ﴿٢١

21Ақиретті тастап, қоясыңдар.

وُجُوهٞ يَوۡمَئِذٖ نَّاضِرَةٌ﴿٢٢

22Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап;

إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٞ﴿٢٣

23Раббына қарайды.

وَوُجُوهٞ يَوۡمَئِذِۭ بَاسِرَةٞ﴿٢٤

24Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.

تَظُنُّ أَن يُفۡعَلَ بِهَا فَاقِرَةٞ﴿٢٥

25Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды.

كَلَّآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلتَّرَاقِيَ﴿٢٦

26Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде;

وَقِيلَ مَنۡۜ رَاقٖ﴿٢٧

27"Кім шара көреді?",- делінеді.

وَظَنَّ أَنَّهُ ٱلۡفِرَاقُ﴿٢٨

28Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді.

وَٱلۡتَفَّتِ ٱلسَّاقُ بِٱلسَّاقِ﴿٢٩

29Балтыры, балтырына оралады.

إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمَسَاقُ﴿٣٠

30Ол күні Раббы жаққа айдалады.

فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ﴿٣١

31Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады.

وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ﴿٣٢

32Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды.

ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ يَتَمَطَّىٰٓ﴿٣٣

33Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті.

أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰ﴿٣٤

34Саған пәле келсін,

ثُمَّ أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰٓ﴿٣٥

35Сосын сені пәле басқыр!

أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَن يُتۡرَكَ سُدًى﴿٣٦

36Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?

أَلَمۡ يَكُ نُطۡفَةٗ مِّن مَّنِيّٖ يُمۡنَىٰ﴿٣٧

37Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе?

ثُمَّ كَانَ عَلَقَةٗ فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ﴿٣٨

38Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі.

فَجَعَلَ مِنۡهُ ٱلزَّوۡجَيۡنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ﴿٣٩

39Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.

أَلَيۡسَ ذَٰلِكَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحۡـِۧيَ ٱلۡمَوۡتَىٰ﴿٤٠

40Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге югші жетпей ме?

RELATED SURAHS