As-Sajdah

السجدة

The Prostration30 ayahsMeccan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

الٓمٓ﴿١

1Әлиф. Ләм. Мим.

تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ لَا رَيۡبَ فِيهِ مِن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ﴿٢

2Бұл Кітап, әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мұнда шәк жоқ.

أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۚ بَلۡ هُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٖ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَهۡتَدُونَ﴿٣

3Олар: "Оны өзі жасады" дей ме? Олай емес, сенен бұрын ескертуші жіберілмеген елге ескертуің үшін ол, Раббыңнан бір шындық. Әрине олар, тура жол табар.

ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ مَا لَكُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيّٖ وَلَا شَفِيعٍۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ﴿٤

4Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны көтерілді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар иа?

يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ثُمَّ يَعۡرُجُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٖ كَانَ مِقۡدَارُهُۥٓ أَلۡفَ سَنَةٖ مِّمَّا تَعُدُّونَ﴿٥

5Ол, көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі.

ذَٰلِكَ عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ﴿٦

6Ол көместі де көрнеуді де білуші. Өте үстем, тым мейірімді.

ٱلَّذِيٓ أَحۡسَنَ كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقَهُۥۖ وَبَدَأَ خَلۡقَ ٱلۡإِنسَٰنِ مِن طِينٖ﴿٧

7Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды.

ثُمَّ جَعَلَ نَسۡلَهُۥ مِن سُلَٰلَةٖ مِّن مَّآءٖ مَّهِينٖ﴿٨

8Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты.

ثُمَّ سَوَّىٰهُ وَنَفَخَ فِيهِ مِن رُّوحِهِۦۖ وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَۚ قَلِيلٗا مَّا تَشۡكُرُونَ﴿٩

9Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер.

وَقَالُوٓاْ أَءِذَا ضَلَلۡنَا فِي ٱلۡأَرۡضِ أَءِنَّا لَفِي خَلۡقٖ جَدِيدِۭۚ بَلۡ هُم بِلِقَآءِ رَبِّهِمۡ كَٰفِرُونَ﴿١٠

10Олар: "Қашан топыраққа араласып, жоғалсак, шын-ақ жаңа жаратыламыз ба?",-дөйді. Әрине олар, Раббыларына қауышуға қарсы келгендер.

۞ قُلۡ يَتَوَفَّىٰكُم مَّلَكُ ٱلۡمَوۡتِ ٱلَّذِي وُكِّلَ بِكُمۡ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ تُرۡجَعُونَ﴿١١

11(Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар" де.

وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلۡمُجۡرِمُونَ نَاكِسُواْ رُءُوسِهِمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ رَبَّنَآ أَبۡصَرۡنَا وَسَمِعۡنَا فَٱرۡجِعۡنَا نَعۡمَلۡ صَٰلِحًا إِنَّا مُوقِنُونَ﴿١٢

12Күнәкарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: "Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, түзу іс қылайық. Рас нандық" дегендерін бір көрсең!

وَلَوۡ شِئۡنَا لَأٓتَيۡنَا كُلَّ نَفۡسٍ هُدَىٰهَا وَلَٰكِنۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ مِنِّي لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ﴿١٣

13Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: "Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын" деген сөз болған. (Бұлар, шайтандармен оларға ерген адамдар. 38-С. 84-85-А.)

فَذُوقُواْ بِمَا نَسِيتُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَآ إِنَّا نَسِينَٰكُمۡۖ وَذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡخُلۡدِ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ﴿١٤

14"Бұгінге кездесуді ұмытудың демін татыңдар. Рас біз де сендерді ұмыттық. Істегендеріңнің салдарынан мәңгі азапты татыңдар".

إِنَّمَا يُؤۡمِنُ بِـَٔايَٰتِنَا ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُواْ بِهَا خَرُّواْۤ سُجَّدٗاۤ وَسَبَّحُواْ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡ وَهُمۡ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ۩﴿١٥

15(Сәжде аяты бар.) Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді.

تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمۡ عَنِ ٱلۡمَضَاجِعِ يَدۡعُونَ رَبَّهُمۡ خَوۡفٗا وَطَمَعٗا وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ﴿١٦

16Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан түрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.

فَلَا تَعۡلَمُ نَفۡسٞ مَّآ أُخۡفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعۡيُنٖ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ﴿١٧

17Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді.

أَفَمَن كَانَ مُؤۡمِنٗا كَمَن كَانَ فَاسِقٗاۚ لَّا يَسۡتَوُۥنَ﴿١٨

18Мүмін болған кісі, бұзық болған кісі сияқты бола ма? Әрине тең болмайды.

أَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَلَهُمۡ جَنَّٰتُ ٱلۡمَأۡوَىٰ نُزُلَۢا بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ﴿١٩

19Өйткені иман келтіріп, ізгі іс істегендер; олардың істеген ғамалдарына жарай қонақ үй түрінде жаннаттар да орын бар.

وَأَمَّا ٱلَّذِينَ فَسَقُواْ فَمَأۡوَىٰهُمُ ٱلنَّارُۖ كُلَّمَآ أَرَادُوٓاْ أَن يَخۡرُجُواْ مِنۡهَآ أُعِيدُواْ فِيهَا وَقِيلَ لَهُمۡ ذُوقُواْ عَذَابَ ٱلنَّارِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ﴿٢٠

20Ал енді бұзақылардың орны тозақ. Әрқашан олар одан шығуды қаласа, оған қайтарылады да: "Өздерің жасынға шығарған оттың азабын татыңдар" делінеді.

وَلَنُذِيقَنَّهُم مِّنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَدۡنَىٰ دُونَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَكۡبَرِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ﴿٢١

21Әрине оларға зор азаптан бері дүниенің азабын татырамыз. Мүмкін олар райдан қайтар.

وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ ثُمَّ أَعۡرَضَ عَنۡهَآۚ إِنَّا مِنَ ٱلۡمُجۡرِمِينَ مُنتَقِمُونَ﴿٢٢

22Раббыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәкарлардан кек аламыз.

وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ فَلَا تَكُن فِي مِرۡيَةٖ مِّن لِّقَآئِهِۦۖ وَجَعَلۡنَٰهُ هُدٗى لِّبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ﴿٢٣

23(Мұхаммед Ғ.С.) әрине Мұса (Ғ.С.) ға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе... Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық.

وَجَعَلۡنَا مِنۡهُمۡ أَئِمَّةٗ يَهۡدُونَ بِأَمۡرِنَا لَمَّا صَبَرُواْۖ وَكَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يُوقِنُونَ﴿٢٤

24Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік.

إِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَفۡصِلُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ﴿٢٥

25(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың қиямет күні, олар қайшылыққа түскен нәрселер жайында араларына шешім жасайды.

أَوَلَمۡ يَهۡدِ لَهُمۡ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَبۡلِهِم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ يَمۡشُونَ فِي مَسَٰكِنِهِمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍۚ أَفَلَا يَسۡمَعُونَ﴿٢٦

26Бұлардан бұрын, қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?

أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا نَسُوقُ ٱلۡمَآءَ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ٱلۡجُرُزِ فَنُخۡرِجُ بِهِۦ زَرۡعٗا تَأۡكُلُ مِنۡهُ أَنۡعَٰمُهُمۡ وَأَنفُسُهُمۡۚ أَفَلَا يُبۡصِرُونَ﴿٢٧

27Олар көрмей ме? Рас суды, шөл жерге апарамыз да ол арқылы малдары әрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей ме?

وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡفَتۡحُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ﴿٢٨

28Олар: "Егер шыншыл болсаңдар, бұл шешім қашан болады?",- дейді.

قُلۡ يَوۡمَ ٱلۡفَتۡحِ لَا يَنفَعُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِيمَٰنُهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ﴿٢٩

29"Шешім күні, кәпірлерге имандары пайда бермейді әрі оларға мұрса да берілмейді" де.

فَأَعۡرِضۡ عَنۡهُمۡ وَٱنتَظِرۡ إِنَّهُم مُّنتَظِرُونَ﴿٣٠

30Енді олардан бет бұр да күт! Расында олар да тосуда.

RELATED SURAHS