المعارج
The Ascending Stairways • 44 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (8-С. 32-А.)
2Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.
3Ол азап биік дәреже иесі Алладан.
4Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.
5(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет.
6Олар қияметті ұзақ көреді.
7Біз жақын көреміз.
8Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады.
9Таулар, түтілген жүндей болады.
10Дос, достың халін сұрамайды.
11Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді;
12Әйелін де туысын да;
13Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де.
14Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді.
15Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от:
16Теріні сояды;
17Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады.
18Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады.
19Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған.
20Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз.
21Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.
22Бірақ намаз оқушылар басқа.
23Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды.
24Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар:
25Сұрағанға да сұрамағанға да. (51-С. 19-А.)
26Тағы сондай қиямет күнін растағандар.
27Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.
28Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес.
29Сондай ұятты жерлерін сақтағандар.
30Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ.
31Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар.
32Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар.
33Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар.
34Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер.
35Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер.
36(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды?
37Оңнан, солдан топ-топ болып;
38Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме?
39Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық.
40Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді.
41Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды.
42(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын.
43Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді.
44Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн.