الحاقة
The Inevitable • 52 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Болуы анық қиямет.
2Ол, болуы анық не нәрсе?
3Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?
4Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.
5Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.
6Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді.
7Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің.
8Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?
9Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен.
10Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған.
11Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.
12Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.
13Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте,
14Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,
15 Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады.
16Сол күні, көк жарылып, босайды.
17Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.
18Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.
19Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді.
20"Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем."
21Сонда ол, қуанышты тіршілікте,
22Көтеріңкі жаннатта болады;
23Жемістері салбырап тұрады.
24(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді.)
25Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді.
26"Есебімнің не екенін білмесем екен!"
27"Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)"
28"Малым, маған еш пайда бермеді."
29"Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді.)
30"Оны ұстаңдар да байлаңдар."
31"Сосын оны тозаққа салыңдар."
32"Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді.)
33"Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;"
34"Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді."
35Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ.
36Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ.
37Оны күнәкарлар ғана жейді.
38Сонда көрген нәрселеріңе серт;
39Және көрмеген нәрселеріңе де серт.
40Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)
41Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.
42Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.
43Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген.
44Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса;
45Әрине оның оң жағынан қолға алар едік;
46Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.)
47Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды.
48Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат..
49Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.
50Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет.
51Шүбәсыз ол Құран, анық шындық.
52(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте.