القلم
The Pen • 52 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт.
2(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.
3Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар.
4Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің.
5Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.
6Жындылық қайсыларыңда екен?
7Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі
8Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.
9Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М.)
10(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба;
11Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да,
12Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да,
13Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мұғаияра ұлы Уәлід.)
14Бұлар малды, балалы болса да.
15Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бұрынғылардың ертегісі" деді.
16Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т.)
17Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.
18Алла қаласа демеді.
19Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.
20Бақша қара түнектей болды.
21Сонда олар, таң сәріден дабыстады :
22"Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп.
23Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты:
24"Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп.
25Олар, ктші жете тұра таң сәріден оңаша кетті.
26Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті.
27"Жоқ, біз құр қалған екенміз" (десті.)
28Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді.
29Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті.
30Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты:
31"Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті.
32"Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз."
33Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса.
34Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар.
35Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе?
36Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?
37Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма?
38Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма?
39Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма?
40(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: "Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен?
41Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін.
42Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.
43Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын.
44(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз.
45Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті.
46(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма?
47Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?
48(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (37-С. 139-147-А)
49Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді.
50Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті.
51Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді.
52Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес.