الملك
The Sovereignty • 30 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.
2Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.
3Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба?
4Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады. (50-С. 6-А.)
5Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік. (15-С. 16-18-А., 37-С. 6-10-А.)
6Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын.
7Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді.
8Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: "Сендерге ескертуші келмеді ме?",- деп, сұрайды.
9 Олар: "Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік" дейді.
10"Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік" дейді.
11Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!
12Дүрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.
13Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі.
14Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.
15Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.
16Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме?
17) Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер
18Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен?
19Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.
20Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер аллдануда ғана.
21Алла ризығын тоқтатса, сендерді көректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.
22Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?
23(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер" де.
24Оларға: "Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар" де.
25Олар: "Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?",- дейді.
26(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын" де.
27Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: "Міне осы сендердің тілегендерің" делінеді.
28(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?",- де.
29Оларға: "Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер" де
30Оларға: "Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?",- де.