المؤمنون
The Believers • 118 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Шынында иман келтіргендер құтылды.
2Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады.
3Олар, бос нәрселерден аулақ болады.
4Олар, зекеттерін береді.
5Олар, ұятты жерлерін сақтайды.
6Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ.
7Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар.
8Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы.
9Олар, намаздарына ұқыпты.
10Міне солар, мұрагерлер.
11Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады.
12Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.
13Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық.
14Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ- аса Берекелі.
15Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер.
16Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер.
17Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар.)
18Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді.
19Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық.
20Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық.
21Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (16-С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер.
22Мал және кеме менен тасымалданасыңдар.
23Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: "Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?" деді.
24Онда елінің қарсы болған бастықтары: "Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік" деді.
25"Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар."
26(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!",- деді.
27Сонда оған: "Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті" деп уахи еттік.
28Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: "Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән" де.
29"Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың" де.
30Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз.
31Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (7-С.69-А.)
32Оларға өздерінен жіберген елшіміз: "Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- (деді.)
33Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл өздерің құсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді" деді.
34"Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар."
35"Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шын тіріліп, шығатындарыңды ескерте ме?"
36"Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ!"
37"Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз."
38"Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз."
39(Һүд Ғ.С.): "Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы, нұсрат бер!",- деді.
40(Алла): "Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке үшырайды" деді.
41Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын!
42Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық.
43Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете, кейіндете алмайды.
44Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды, бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын!
45Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз, ашық дәлелдерімізбен жібердік.
46Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді.
47Олар: "Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?",- десті.
48Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді.
49Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітап бердік.
50Мәрйем ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты, бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық ( Бұл жер; Бәйтіл Мүқаддас, Дымшық, Мысыр. Ж.Б.М.К.Р.)
51Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін.
52Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (2-С. 213-А.)
53Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр гұрұппа өз алдарындағысына мәз болды.
54(Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой.
55Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды.
56Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді.
57Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді.
58Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді.
59Олар, Раббыларына серік қоспайды.
60Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан, жүректері қорқып, бергендер.
61Міне осылар, жақсылықтар да жарысады да олар, оның озаттары.
62Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл Махфұз не амал дәптері. Ж.Б.) Олар зұлымдық көрмейді.
63Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз және олардың бұдан өзге де істеген істері бар.
64Олар мәз болған кезде, жазаға тартсақ, сол уақытта олар зар илейді.
65"Бүгін зарламаңдар! Расында сендер, Менен жәрдем көре алмайсыңдар."
66"Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер."
67"Аяттарымызға тәкаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер"
68Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бүрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?
69Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарыса ма? (Негізінен олар: "Мұхаммед Әмин: сенімді Мұхаммед" деп, бала жастан толық сенім артқан, өмірінде еш өтірік айтпаған, биязы мінезді, сондай-ақ ешкімнен оқымаған бола тұра даналықтың ең кемеліне ие екенін жақсы біледі. Ж.Б.К.М.Р.)
70Немесе: "Онда бір жындылық бар" дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды.
71Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды.
72(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңның сауабы хайырлы. Ол, ризық берушілердің ең хайырлысы.
73Әрине сен оларды тура жолға шақырасың.
74Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар.
75Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді.
76Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады.
77Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді.
78Ол, сендер үшін: Есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар.
79Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар.
80Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма?
81Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады.
82Олар: "Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?",- деген
83"Расында бұл бопса, бізге де бүрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана."
84(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?",- де.
85Олар дереу: "Алланікі" дейді. "Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?",- де.
86"Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?",- де.
87Дереу: "Алла" дейді. "Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- де.
88"Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?",- де.
89Олар дереу: "Алла" дейді. "Ал онда қалайша жадыландыңдар?",- де.
90Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші.
91Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (21-С. 22-А. 17-С. 42-А.)
92Алла көрнеуді де көиесті де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем.
93(Мұхаммед): "Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең,)
94"Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!",- де.
95Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді.
96Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз.
97"Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын" де.
98"Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын..."
99Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: "Раббым! Мені дүниеге қайтар!"
100"Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін." Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар.
101Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (70-С. 10-А.)
102Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар.
103Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады.
104Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады.
105"Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?"
106Олар: "Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой" дейді.
107"Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер кайта күнәкар болсақ; Шын залымбыз."
108Оларға: "Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер" дейді.
109Құлдарымнан бір бөлім: "Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың" дейтіндер бар еді.
110Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді.
111Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер...
112Алла, оларға: "Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?",- дейді.
113Олар: "Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра" дейді. (30-С. 55-А.)
114"Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар" дейді.
115"Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?",- дейді.
116Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы.
117Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды.
118(Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың" де.