الصافات
Those Ranged in Ranks • 182 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт,
2Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт,
3Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ)
4Тәңірлерің біреу.
5Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (70-С. 40-А.)
6Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік.
7Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық.
8Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.
9Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар.
10Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.
11Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық.
12(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды.
13Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді.
14Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады.
15"Бұл мүлде ашық жады" деседі.
16"Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе?"
17"Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер.
18"Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. (17) "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де.
19Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады.
20"Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі.
21"Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!"
22"Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да:"
23"Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;"
24"Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді.)
25Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді.)
26Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар.
27Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады.
28(Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді.
29Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді.
30"Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер."
31"Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз."
32"Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік."
33Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады.
34Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз.
35Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді.
36Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті.
37Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді.
38Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар.
39Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар.
40Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі.
41Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар.
42(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді:
43Нығымет бақшаларында,
44Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады.
45Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады.
46Ішушілер үшін аппақ, тәтті.
47Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды.
48Олардың қасында телмірген ботакөздер бар.
49Рас олар жарылмаған жұмыртқадай.
50Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады.
51Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді.
52(Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді.
53"Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?"
54(деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді.
55Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де:
56"Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді.
57"Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім."
58"Біз өлмейміз бе?"
59"Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз."
60Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К.)
61Ғамал қылуға тиісті.
62Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит.)
63Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық.
64Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш.
65Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р.)
66Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады.
67Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі.
68Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады.
69Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын.
70Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді.
71Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді.
72Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік.
73Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр!
74Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.
75Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз!
76Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық.
77Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік.)
78Оны кейінгілерге дәріптеттік.
79Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын.
80Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
81Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан.
82Сосын басқаларын суға батырдық.
83Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.
84Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.
85Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді.
86"Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма?"
87"Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?"
88Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып:
89"Мен науқаспын" деді.
90Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді.
91(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді.
92"Неге сөйлемейсіңдер?"
93Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды.
94Олар, оған жүгірісіп келді.
95"(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді.
96"Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты."
97Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті.
98Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік.
99(Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді.
100"Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!"
101Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық.
102Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді.
103(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының 8-ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М.)
104 Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық:
105"Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік.)
106Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді.
107Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К.)
108Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық.
109Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем.
110Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.
111Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді.
112Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік.
113Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар.
114Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік.
115Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық.
116Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды.
117Екеуіне түсінікті кітап бердік.
118Екеуіне тура жол көрсеттік.
119Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық.
120Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем.
121Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
122Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді.
123Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді.
124Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді.
125"Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?"
126"Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы!"
127Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі.
128Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.
129Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық:
130"Іляс (Ғ.С.) қа сәлем."
131Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.
132Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді.
133Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді.
134Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық:
135Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа.
136Сосын өзгелерін жоқ еттік.
137Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер.
138Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
139Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді.
140Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. (139) Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М.)
141Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті.)
142Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді.
143Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:
144Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.
145Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді.
146Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.
147Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік.
148Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық.
149Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме?
150Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме?
151Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді:
152"Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады.
153Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме?
154Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?
155Түсінбейсіқдер ме?
156Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?
157Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер.
158Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды.)
159Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк.
160Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды.
161Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;)
162Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар.
163Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа.
164"Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ."
165"Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз."
166"Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз."
167Олар былай дейтін еді:
168"Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,"
169"Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік."
170Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі.
171Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын:
172"Сөз жоқ, оларға жәрдем болады."
173"Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер."
174(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр.
175Оларды көре тұр, олар да жақында көреді.
176Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма?
177Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман.
178Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол.
179Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді.
180Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк.
181Елшілерге сәлем!
182Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық.