Al-Bayyinah

البينة

The Clear Proof8 ayahsMedinan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

لَمۡ يَكُنِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ وَٱلۡمُشۡرِكِينَ مُنفَكِّينَ حَتَّىٰ تَأۡتِيَهُمُ ٱلۡبَيِّنَةُ﴿١

1Кітап иелерінен,мүшіріктерден қарсы шыққандар,өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді.

رَسُولٞ مِّنَ ٱللَّهِ يَتۡلُواْ صُحُفٗا مُّطَهَّرَةٗ﴿٢

2(Ал бұл дәлел) таптаза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді.)

فِيهَا كُتُبٞ قَيِّمَةٞ﴿٣

3Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар.

وَمَا تَفَرَّقَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡبَيِّنَةُ﴿٤

4Дегенмен өздеріне Кітап берілгендер,мүшіріктердер,оларға ашық дәліл келгеннен кейін ақ бөлінді.

وَمَآ أُمِرُوٓاْ إِلَّا لِيَعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤۡتُواْ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَذَٰلِكَ دِينُ ٱلۡقَيِّمَةِ﴿٥

5 Олар;Ғибадатты нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары,намаз оқулары, зекет береулері үшін әмір етілген.Міне осы,тұптура дін.

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ وَٱلۡمُشۡرِكِينَ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَآۚ أُوْلَٰٓئِكَ هُمۡ شَرُّ ٱلۡبَرِيَّةِ﴿٦

6Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүде тозақ отында қалады.Міне солар,жаратылғандардың жауызы.

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أُوْلَٰٓئِكَ هُمۡ خَيۡرُ ٱلۡبَرِيَّةِ﴿٧

7Күдіксіз сондай иман келтіріп,түзу іс істегендер; міне солар,жаратылғандардың жақсысы.

جَزَآؤُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُۚ ذَٰلِكَ لِمَنۡ خَشِيَ رَبَّهُۥ﴿٨

8 Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады.Алла олардан разы, олар Алладар разы.Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.

RELATED SURAHS