العنكبوت
The Spider • 69 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Ұғымын Алла біледі.
2Адамдар: "Сендік" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?
3Рас олардан бұрынгыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.
4Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!
5Кім Аллаға жолығуды үміттенсе, әрине Алланың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші.
6 Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Алла, әлемнен бай.
7Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жоямыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз.
8Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін.
9Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендерді игілерге қосамыз.
10Адамдардың кейбірі: "Аллаға иман келтірдік" дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нүсырат келетін болса: "Әрине біз сендермен бірге едік" дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе?
11Әлбетте Алла иман келтіргендерді де біледі. Әрине мүнафықтарды да біледі.
12Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: "Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік" деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт.
13Әрине олар, өз жүктерін де онымен бірге басқа жүктер де көтереді. Әлбетте олар қиямет күні, жасама істерінен сұраққа тартылады.
14Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл түрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар; залым еді.
15 Оны және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны әлемдерге ғибрат қылдық.
16Ыбырайым (Ғ.С.) ды да. Сол уақытта еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар да Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін хайырлы" деді.
17"Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар."
18 "Егер сендер жасынға шығарсаңдар, расында бұрынғы үмметтер де жасынға айналдырған. Пайғамбардың міндеті ашық жалғастыру ғана."
19Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында Бұл Аллаға оңай.
20(Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді" де.
21Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бұрыласыңдар.
22Сендер жерде де көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.
23Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.
24Сонда елінің жауабы: "Ыбырайыиды өлтіріңдер немесе оны өртеңдер" деу ғана болды. Алла оны оттан құтқарды. Сөз жоқ, бұнда сенген елге ғибраттар бар.
25(Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге бұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды" деді.
26Сонда Лұт (Ғ.С) оған иман келтірді. (Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз Ол, үстем, хикмет иесі" деді.
27Оған Ысхақты, Яғқұпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне Дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ахиретте де ізгілерден.
28Лұт (Ғ.С.) қа да (Пайғамбарлық бердік.) Сол уақытта еліне: "Рас өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер" деді.
29"Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?" (27-С. 54-А.) Сонда елінің жауабы: "Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші" дегеннен басқа болмады.
30(Лұт Ғ.С.); "Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!",- деді.
31Елшілеріміз (періштелер), Ыбырайым (Ғ.С.) ға шүйіншімен келген сәтте: "Осы халқы залым болған кентті рас жоқ етеміз" десті.
32(Ыбырайым Ғ.С.): "Әрине онда Лұт та бар" деді. (Елшілер): "Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де ұй-ішін де әлбетте құтқарамыз" деді.
33Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.) қа келген сәтте, олардың салдарынан қынжылып, көңлі тарайды. (Періштелер; көркем жас жігіттер стретінде еді. Б.Ж.Р.) Олар: "Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жұбайыңнан басқа өзіңді де семьяңды да құтқарамыз" деді.
34"Бұл кент халқына бұзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз."
35Расында ойлаған елге; одан ашық өнеге қалдырдық.
36Мәдянға туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік те: "Әй елім! •Аллаға құлшылық қылыңдар да ахирет күнінен үміт етіңдер. Жер жүзінде бұзақылық істеп, жүрмеңдер" деді.
37Сонда елі оны жасынға шығарды. Сондықтан жер қатты сілкініп, жұрттарында типыл болды.
38Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп тұрса да.
39Қарүн, Перғауын және Ћаманды да (жоқ еттік.) Расында Мұса (Ғ.С.) оларға ашық белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып құтыла алмады.
40Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін; үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбірлерін; жерге жұттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолға алдық. Алла оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.
41 Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде ұйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса.
42Сөз жоқ, Алла (Т.) олардың өзінен өзге кімге жалбарынғанын біледі. Ол, өте үстем, хикмет иесі.
43Міне осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді.
44Алла көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар.
45(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі.
46Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.) Оларға: "Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз оған бой ұсынғандармыз" деңдер.
47(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді.
48 Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолың мен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар; күдіктенер еді.
49Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді.
50Олар: "Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?",- десті. "Мұғжизалар; Алланың ғана жанында. Шын мәнінде мен ашық ескертуші ғанамын" де.
51Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза бола ма?) Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар.
52Алла, мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрсөлерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар.
53 (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді.
54Олар, өзіңнен апаттың жедел келуін сұрайды. Сөз жоқ! Тозақ кәпірлерді әрине орап алады.
55Сол күні апат, оларды төбелерінің үстінен де аяқтарының астынан да қоршап алады да: "Қылықтарыңның дәмін татыңдар" дейді.
56Әй иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Сондықтан Маған ғана ғибадат қылыңдар.
57Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады.
58Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет.
59Сондай сабыр етіп, Раббыларына тәуекел етеді.
60Қаншалаған жан-жаныуар бар; көрегін көтеріп жүрмейді. Алла (Т) оларды да сендерді де көректендіреді. Ол тым естуші, білуші.
61Егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда олар қайда лағып барады.
62Алла құлдарынан кімді қаласа, несібесін кеңітеді де тарылтады. Күдіксіз Алла әр нәрсені толық біледі.
63 Ал егер олардан: "Көктен жаңбыр жаудырып, онымен жерді өлімнен кейін жандандырған кім?",-деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық" де. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
64Бұл Дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ахирет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе.
65Қашан олар кемегө отырса, дінін Аллаға арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаға серік қосады.
66Өздеріне берген нәрселерімізге қарсы бола тұрсын әрі олар пайдалана тұрсын. Бірақ жедел олар біледі.
67(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұранда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді кермеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәсүкірлік қыла ма?
68 Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?
69Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеупшілермен бірге.