Al-Waqi'ah

الواقعة

The Event96 ayahsMeccan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

إِذَا وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ﴿١

1Қиямет уақиғасы болған кезде,

لَيۡسَ لِوَقۡعَتِهَا كَاذِبَةٌ﴿٢

2Оның болуын өтірік деуші болмас.

خَافِضَةٞ رَّافِعَةٌ﴿٣

3(Ол) төмендетеді, жоғарлатады.

إِذَا رُجَّتِ ٱلۡأَرۡضُ رَجّٗا﴿٤

4Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі.

وَبُسَّتِ ٱلۡجِبَالُ بَسّٗا﴿٥

5Таулар мүлде үгітіледі.

فَكَانَتۡ هَبَآءٗ مُّنۢبَثّٗا﴿٦

6Ұшқан тозаңдай болады.

وَكُنتُمۡ أَزۡوَٰجٗا ثَلَٰثَةٗ﴿٧

7Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер;

فَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ﴿٨

8(Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар.

وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ﴿٩

9(Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар.

وَٱلسَّٰبِقُونَ ٱلسَّٰبِقُونَ﴿١٠

10Озаттар алдынғы қатарда болады.

أُوْلَٰٓئِكَ ٱلۡمُقَرَّبُونَ﴿١١

11Міне солар, Аллаға жақын болғандар.

فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ﴿١٢

12Ұжмақта нығметке бөленеді;

ثُلَّةٞ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ﴿١٣

13Бұрынғылардан көбірек.

وَقَلِيلٞ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ﴿١٤

14Соңғылардан азырақ.

عَلَىٰ سُرُرٖ مَّوۡضُونَةٖ﴿١٥

15Безенген тақтар үстінде.

مُّتَّكِـِٔينَ عَلَيۡهَا مُتَقَٰبِلِينَ﴿١٦

16Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.

يَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٞ مُّخَلَّدُونَ﴿١٧

17Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;

بِأَكۡوَابٖ وَأَبَارِيقَ وَكَأۡسٖ مِّن مَّعِينٖ﴿١٨

18Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен.

لَّا يُصَدَّعُونَ عَنۡهَا وَلَا يُنزِفُونَ﴿١٩

19Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды.

وَفَٰكِهَةٖ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ﴿٢٠

20Қалаған жемістері бар.

وَلَحۡمِ طَيۡرٖ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ﴿٢١

21Көңілдері соққан құс еті бар.

وَحُورٌ عِينٞ﴿٢٢

22Бота көз хұрлар бар.

كَأَمۡثَٰلِ ٱللُّؤۡلُوِٕ ٱلۡمَكۡنُونِ﴿٢٣

23Сақтаулы інжу сияқты.

جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ﴿٢٤

24Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы.

لَا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوٗا وَلَا تَأۡثِيمًا﴿٢٥

25Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді.

إِلَّا قِيلٗا سَلَٰمٗا سَلَٰمٗا﴿٢٦

26Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді.

وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ﴿٢٧

27Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты.

فِي سِدۡرٖ مَّخۡضُودٖ﴿٢٨

28Олар тікенсіз сидыр (ағаштары);

وَطَلۡحٖ مَّنضُودٖ﴿٢٩

29Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз (банан) ағаштарының,

وَظِلّٖ مَّمۡدُودٖ﴿٣٠

30Созылған көлеңкенің астында болады.

وَمَآءٖ مَّسۡكُوبٖ﴿٣١

31Сарқырап аққан су бар.

وَفَٰكِهَةٖ كَثِيرَةٖ﴿٣٢

32Мол жеміс бар;

لَّا مَقۡطُوعَةٖ وَلَا مَمۡنُوعَةٖ﴿٣٣

33Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын,

وَفُرُشٖ مَّرۡفُوعَةٍ﴿٣٤

34Биік төсектерде болады.

إِنَّآ أَنشَأۡنَٰهُنَّ إِنشَآءٗ﴿٣٥

35Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б.)

فَجَعَلۡنَٰهُنَّ أَبۡكَارًا﴿٣٦

36Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз.

عُرُبًا أَتۡرَابٗا﴿٣٧

37Күйеуін сүйгіш құрдас болады.

لِّأَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ﴿٣٨

38Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады.

ثُلَّةٞ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ﴿٣٩

39Бір топ бұрынғылардан.

وَثُلَّةٞ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ﴿٤٠

40Бір топ соңғылардан.

وَأَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ﴿٤١

41Солшылдар, сол шолшылдар невдей сұмырай.

فِي سَمُومٖ وَحَمِيمٖ﴿٤٢

42Олар ыстық бу, қайнар суда болады.

وَظِلّٖ مِّن يَحۡمُومٖ﴿٤٣

43Қара түнек көлеңкеде болады.

لَّا بَارِدٖ وَلَا كَرِيمٍ﴿٤٤

44Салқын да емес, жайлы да емес.

إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُتۡرَفِينَ﴿٤٥

45Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді.

وَكَانُواْ يُصِرُّونَ عَلَى ٱلۡحِنثِ ٱلۡعَظِيمِ﴿٤٦

46Зор күнәда қасарысушы еді.

وَكَانُواْ يَقُولُونَ أَئِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ﴿٤٧

47"Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді.

أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ﴿٤٨

48"Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді.)

قُلۡ إِنَّ ٱلۡأَوَّلِينَ وَٱلۡأٓخِرِينَ﴿٤٩

49(Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де.

لَمَجۡمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَٰتِ يَوۡمٖ مَّعۡلُومٖ﴿٥٠

50"Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де.)

ثُمَّ إِنَّكُمۡ أَيُّهَا ٱلضَّآلُّونَ ٱلۡمُكَذِّبُونَ﴿٥١

51Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер!

لَأٓكِلُونَ مِن شَجَرٖ مِّن زَقُّومٖ﴿٥٢

52Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер.

فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ﴿٥٣

53Одан қарындарыңды толтырасыңдар.

فَشَٰرِبُونَ عَلَيۡهِ مِنَ ٱلۡحَمِيمِ﴿٥٤

54Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер.

فَشَٰرِبُونَ شُرۡبَ ٱلۡهِيمِ﴿٥٥

55Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер.

هَٰذَا نُزُلُهُمۡ يَوۡمَ ٱلدِّينِ﴿٥٦

56Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары.

نَحۡنُ خَلَقۡنَٰكُمۡ فَلَوۡلَا تُصَدِّقُونَ﴿٥٧

57Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар?

أَفَرَءَيۡتُم مَّا تُمۡنُونَ﴿٥٨

58Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме?

ءَأَنتُمۡ تَخۡلُقُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡخَٰلِقُونَ﴿٥٩

59Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба?

نَحۡنُ قَدَّرۡنَا بَيۡنَكُمُ ٱلۡمَوۡتَ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ﴿٦٠

60Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды.

عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ أَمۡثَٰلَكُمۡ وَنُنشِئَكُمۡ فِي مَا لَا تَعۡلَمُونَ﴿٦١

61Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз.

وَلَقَدۡ عَلِمۡتُمُ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأُولَىٰ فَلَوۡلَا تَذَكَّرُونَ﴿٦٢

62Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме?

أَفَرَءَيۡتُم مَّا تَحۡرُثُونَ﴿٦٣

63Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме?

ءَأَنتُمۡ تَزۡرَعُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلزَّٰرِعُونَ﴿٦٤

64Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе?

لَوۡ نَشَآءُ لَجَعَلۡنَٰهُ حُطَٰمٗا فَظَلۡتُمۡ تَفَكَّهُونَ﴿٦٥

65Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер;

إِنَّا لَمُغۡرَمُونَ﴿٦٦

66"Расында зиянға ұшырадық,"

بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ﴿٦٧

67"Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер.)

أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلۡمَآءَ ٱلَّذِي تَشۡرَبُونَ﴿٦٨

68Ішкен суларыңды көрдіңдер ме?

ءَأَنتُمۡ أَنزَلۡتُمُوهُ مِنَ ٱلۡمُزۡنِ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنزِلُونَ﴿٦٩

69Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?

لَوۡ نَشَآءُ جَعَلۡنَٰهُ أُجَاجٗا فَلَوۡلَا تَشۡكُرُونَ﴿٧٠

70Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?

أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلنَّارَ ٱلَّتِي تُورُونَ﴿٧١

71Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?

ءَأَنتُمۡ أَنشَأۡتُمۡ شَجَرَتَهَآ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنشِـُٔونَ﴿٧٢

72Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па?

نَحۡنُ جَعَلۡنَٰهَا تَذۡكِرَةٗ وَمَتَٰعٗا لِّلۡمُقۡوِينَ﴿٧٣

73Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық.

فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ﴿٧٤

74(Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте.

۞ فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَوَٰقِعِ ٱلنُّجُومِ﴿٧٥

75Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін.

وَإِنَّهُۥ لَقَسَمٞ لَّوۡ تَعۡلَمُونَ عَظِيمٌ﴿٧٦

76Егер білсеңдер, ол, зор серт.

إِنَّهُۥ لَقُرۡءَانٞ كَرِيمٞ﴿٧٧

77Шын мәнінде ол ардақты Құран.

فِي كِتَٰبٖ مَّكۡنُونٖ﴿٧٨

78Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы.

لَّا يَمَسُّهُۥٓ إِلَّا ٱلۡمُطَهَّرُونَ﴿٧٩

79Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсіз кісі ұстамайды.)

تَنزِيلٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ﴿٨٠

80Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген.

أَفَبِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ أَنتُم مُّدۡهِنُونَ﴿٨١

81Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?

وَتَجۡعَلُونَ رِزۡقَكُمۡ أَنَّكُمۡ تُكَذِّبُونَ﴿٨٢

82Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма? (Ж.)

فَلَوۡلَآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلۡحُلۡقُومَ﴿٨٣

83Ал жан жұтқыншаққа келген кезде;

وَأَنتُمۡ حِينَئِذٖ تَنظُرُونَ﴿٨٤

84Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар.

وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُبۡصِرُونَ﴿٨٥

85Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер.

فَلَوۡلَآ إِن كُنتُمۡ غَيۡرَ مَدِينِينَ﴿٨٦

86Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар;

تَرۡجِعُونَهَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ﴿٨٧

87Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы.

فَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ﴿٨٨

88Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса;

فَرَوۡحٞ وَرَيۡحَانٞ وَجَنَّتُ نَعِيمٖ﴿٨٩

89Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар.

وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ﴿٩٠

90Ал енді өлі оңшылдардан болса;

فَسَلَٰمٞ لَّكَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ﴿٩١

91Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді.)

وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُكَذِّبِينَ ٱلضَّآلِّينَ﴿٩٢

92Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса;

فَنُزُلٞ مِّنۡ حَمِيمٖ﴿٩٣

93Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады.

وَتَصۡلِيَةُ جَحِيمٍ﴿٩٤

94Әрі тозаққа салынады.

إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ ٱلۡيَقِينِ﴿٩٥

95Сөзсіз міне анық шындық осы.

فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ﴿٩٦

96(Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте.

RELATED SURAHS