القمر
The Moon • 55 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Қиямет жақындады, ай жарылды.
2Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: "Жалғасты түрдегі бір сиқыр" дейді.
3Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар.
4Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.
5Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.
6(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады.
7Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекіртке құсап шығады.
8Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: "Бұл ауыр күн" дейді.
9Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: "Жынды" деген, әрі жебірленген еді.
10Сонда ол, Раббына: "Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер" деп, жалбарынған.
11Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық.
12Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды.
13Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.
14Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты.
15Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?
16Азабым, ескертуім қалай екен?
17Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?
18Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен?
19Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік.
20Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді.
21Азабым, ескертуім қалай екен?
22Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?
23Сәмұд елі ескертушіні жасынға айналдырды:
24"Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта біз адасуда әрі есі алаң боламыз" деді.
25"Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл" деді.
26Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі.
27Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді.)
28Оларға: "Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын" деп түсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді. Б.Ж.М.Р.)
29Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді.
30Сонда азабым, ескертуім қалай екен?
31Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбақ қораның ұматылған қу жапырағындай болды.
32Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма?
33Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған.
34Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (29-С. 33-А.)
35Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз.
36Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады.
37Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: "Ал азабымды, ескертуімді татыңдар."
38Расында оларға тәңертең ерте бір азап келді.
39"Ал азабым, ескертуім қалай екен?"
40Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма?
41Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді.
42Олар мұғжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық.
43Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма?
44Не олар: "Біз өш алушы бір топпыз" дей ме?
45Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады.
46Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл.
47Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда.
48Ол күні, олар, тозақта етпетінен сұйреледі: "Тозақтың азабын татыңдар" (делінеді.)
49Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.
50Әміріміз бір-ақ қас қаққандай.
51Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма?
52Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген.
53Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы.
54Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында.
55Ықпалды үкім иесінің хұзырындағы қалаған орнында.