الدخان
The Smoke • 59 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Ха. Мим.
2Ашық баян етуші Құранға серт.
3Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (97-С. 1-А.)
4Ол кеште барлық хикметті істер айрылады.
5Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз.
6(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші.
7Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы.
8Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы.
9Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда.
10(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р.)
11Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап.
12Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз."
13Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген.
14Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді.
15Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар.
16Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз.
17Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген.
18"Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді.
19"Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім."
20"Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым."
21"Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар."
22Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды.
23(Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі."
24"(Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер!
25Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды;
26Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де.
27Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де.
28Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық.
29Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б.)
30Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық;
31Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді.
32Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық.
33Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді.
34Күдіксіз олар, бүйдейді:
35"Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз;"
36"Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші;"
37(Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді.
38Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық.
39Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді.
40Расында олардың бір араға жиналатын билік күні.
41Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді.
42Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді.
43Шынында заққүм ағашы; (23-С. 62-А.)
44Күнәкарлардың тамағы.
45Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды.
46Қайнаған су құсаған."
47"Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар."
48"Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар."
49"(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің."
50"Шынында күдіктенген нәрселерің осы."
51Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады;
52Бақшаларда бұлақтарда,
53Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.
54Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз.
55Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады.
56Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған.
57Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік.
58(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық.
59Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде.