الزخرف
The Gold Adornments • 89 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Хә. Мим.
2Ашық Кітапқа серт.
3Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық.
4Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы.
5Сендер шектен шыққан ел екен деп, үгіт баян етуден айнып кетейік пе?
6Бұрынғыларға қаншалаған пайғамбар жібергеміз.
7Олар өздеріне келген пайғамбарды ұдайы мазақ қылды.
8Сондықтан олардан күштіректерді типыл қылдық. Бұрынғылардың мысалы өтті.
9(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты?",- деп сұрасаң, әрине: "Оларды өте үстем, аса білуші Алла жаратты" дейді.
10Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты.
11Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда. Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп, шығарыласыңдар.
12Ол сондай Алла, барлық жүптерді жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты.
13Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: "Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік" дейсіңдер.
14"Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз."
15(Мұхаммед Ғ.С.) олар Аллаға құлдарының бір бөлімін арнады. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Расында адам баласы ашық нәсүкір.
16Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма?
17Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы шүйіншіленсе, (қатының қыз тапты делінсе,) беттері қарайып, оны ашу кернейді.
18Моншақ ішінде тәрбиеленіп, өз дауында баян ете алмайтын біреу ме? (Осындай нәзік жаралған қыздар Алланікі бола ма?)
19Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куеліктері жазылып жене сұралады.
20Тағы олар: "Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік" деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана.
21Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма?
22Керісінше, олар: "Аталарымызды бір жол үстінде таптық. Расында біз де олардың іздеріне түсіп, тура жол табамыз" дейді.
23Осылайша (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ, олардың беделділері: "Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз" деді.
24(Әр Пайғамбар): "Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: "Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз" деді.
25Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді қара, жасынға шығарушылардың соңы қалай болды?
26Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) әкесіне әрі еліне: "Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім" деді.
27"Бірақ мені жаратқан Алла басқа. Өйткені Ол, мені тура жолға салады..."
28Ыбырайым (Ғ.С.) бұл (Алланы бірлеу) сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар.
29Сонда да оларды әрі аталарын Құран және ашық баян етуші Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім.
30Оларға Құран келген сәтте, олар: "Бұл бір сиқыр. Шынында бұган қарсымыз" деді.
31Олар: "Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді" деді.
32(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның мәрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-бірінен дәрежеде көтердік. Раббыңның мәрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық.
33Егер бүкіл адам баласы біріңғай болып, азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардың үйлерінің төбесін әрі жоғары шығатын баспалдақтарын күмістен жасар едік.
34Үйлерінің есіктерін және сүйеніп үстеріне отыратын дивандарын да күмістен жасар едік.
35Сондай-ақ алтынға бөлер едік. Бұлардың барлығы дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Раббыңның қасындағьі ахирет, тақуалар үшін.
36Әлде кім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да сонда ол, оның жолдасы болады.
37Күдіксіз шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды.
38Ақыр (қиямет күні) бізге келгенде (шайтанға): "Әттең! Менімен сенің араң батыс, шығыстың ұзақтығы болсашы! Нендей жаман жолдассың" деді.
39Әрине сендерге бүгінгі өкініш пайда бермейді. Сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер. Сондықтан азапқа да ортақсыңдар.
40(Мұхаммед Ғ.С.) саңырауларға сен естіртесіқ бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба?
41Ал, мүбада сені алып, кетсек (қайтыс болсаң) те оларға лайықты жазаларын береміз.
42Немесе оларға уәде етілген азапты (көзің тірісінде келтіріп,) әрине саған да көрсетеміз. Күдіксіз оларға күшіміз жетеді.
43(Мұхаммед Ғ.С.) сен сондай өзіңе уахи етілген Құранға жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың.
44 Күдіксіз Құран, сен үшін әрі елің үшін бір үгіт. Келешекте сұраласыңдар. (Оны бағалау, ардақтау және оның шүкірлігін орындауға жауапкерсіңдер. Б.Ж.М.)
45Сенен бұрын жіберген елшілерімізден сұра: Алладан өзге құлшылық қылатын тәңірлер жасадық па?
46Күдіксіз Мұса (Ғ.С.) ны да мұғжизаларымызбен Перғауынға сыбайластарына жібердік. Сонда ол, оларға: "Шын мәнінде мен әлемдердің Раббының Елшісімін" деді.
47Оларға мұғжизаларымызды келтірген сәтте, олар, оған күлген еді.
48Оларға көрсеткен мұғжизалар, бір-бірінен ұлкен еді. Бәлкім райдан қайтар деп азапқа ұшыраттық.
49(Олар Мұса Ғ.Сға): "Әй сиқыршы! Раббыңа өзіңе берген уәде бойынша жалбарын. Біз шын мәнінде тура жолға келейік" десті.
50Сонда олардан азапты Біз айықтырған кезде олар дереу сөздерінен айниды.
51Перғауын, елінің ішінде: "Әй қаумым! Мысырдың патшалығы және астымнан ағатын міне өзендер менікі емес пе? Көрмейсіңдер ме?",- деп, даурықты.
52"Немесе мен осы өзі қор, сөзін түсіндіре алмайтын Мұсадан жақсы емеспін бе?"
53"Оған алтыннан білезіктер неге салынбаған немесе онымен бірге періштелер неге жолдас болып келмеген?"
54Сөйтіп (Перғауын) елін менсінбеді. Сонда да олар оған бағынды. Расында олар, бұзық ел еді.
55Сөйтіп олар Бізді кейіткен кезде, олардың тиісті жазасын беріп, суға батырдық.
56Оларды кейінгілер үшін бір өтіп кеткен үлгі қылдық.
57(Мұхаммед Ғ.С.) Мәрйем ұлын мысал келтіргенде, оған, елің қарқылдап күлді.
58Олар: "Біздің тәңірлеріміз жақсы ма? Не Ғиса жақсы ма?",- деді. Олардың саған бұны айтулары, жанжал үшін ғана. Өйткені олар, қиқар ел.
59Ол Ғиса (Ғ.С.) Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана.
60Егер қаласақ, сендерден періште жаратар едік те олар орындарыңды басар еді.
61Күдіксіз (Ғиса Ғ.С.) қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған Күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол.
62Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.
63Ғиса (Ғ.С.) мұғжизалармен келген заман, оларға: "Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған бой ұсыныңдар" деді.
64"Дау жоқ, Алла, менің дө сендердің де Раббыларың. Сондықтан Оған құлшылық қылыңдар. Осы тура жол!"
65Дегенмен топтар өзара қайшылыққа түсті. Жан түршігерлік күннің азабынан сондай залымдарға нендей өкініш!
66Олар, өздеріне қиямет мезгілінің кенеттен өздері аңғармаған түрде, келуін ғана күте ме?
67Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады.
68(Алла, тақуаларға): "Әй құлдарым! Бүгін сендерге хауіп-қатер жоқ әрі қайғырмайсыңдар" (дейді)
69Олар сондай иман келтіріп, бой ұсынушылар.
70 "Жаннатқа кіріңдер. Сендер де жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер!"
71Оларға алтыннан табақтар, кәселер ұсынылады. Сондай-ақ онда көңілдері қызығатын, көздері куанатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар.
72Міне осы сендердің ғамалдарыңменен мұрагер болған жаннат.
73Онда сендерге жемістер көп, одан жейсіңдер.
74Сөзсіз күнәкарлар тозақтың азабында мәңгі қалады.
75Олардың азабы жеңілтілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады.
76Оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қьілды.
77Тозақтықтар: "Әй сақшы! Раббың ісімізді бітірсін" дейді. Сақшы: "Расында сендер тұрасыңдар" дейді.
78(Алла оларға): "Шынында сендерге шындықты келтірдік. Бірақ көбің шындықты жек көрдіңдер."
79Немесе олар (Пайғамбарға қарсы) шара қолданды ма? Шын мәнінде Біз шара қолданушымыз.
80Немесе олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине періштелеріміз алдарында жазуда. (82-С. 10-11-А.)
81(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Мүбада Алланың баласы болса, сонда мен құлшылық қылушылардың алды болар едім" де.
82Көктер мен жердің Раббы әрі ғаршынын Раббы, олардың сипаттаған нәрселерінен пәк.
83Енді оларды қойып қой. Өздеріне уәде етілген күнге дейін сүңгісін. ойнасын.
84Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші.
85Ол сондай өте жоғары Алла (Т.), көктер мен жердің әрі екі арасындағы нәрселердің игілігі Оған тән. (Оның меншігінде.) Сондай-ақ қиямет мезгілінің мәліметі Оның қасында әрі Оған қайтарыласықдар.
86Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ хақиқатты біліп, куә болғандар басқа. (Шапағат ете алады.)
87Егер олардан: "Кім жаратты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда, қалай бұрылып, барады?
88Пайғамбардың: "Раббым! Бұлар иман келтірмейтін ел" дейтінін (Алла біледі.)
89(Мұхаммед Ғ.С.) олармен шығыс, сәлем бер. Олар жедел түсінеді.