Al-'Alaq

العلق

The Clot19 ayahsMeccan

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

ٱقۡرَأۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلَّذِي خَلَقَ﴿١

1Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!

خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِنۡ عَلَقٍ﴿٢

2Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.

ٱقۡرَأۡ وَرَبُّكَ ٱلۡأَكۡرَمُ﴿٣

3Оқы!Ол Раббың аса ардақты.

ٱلَّذِي عَلَّمَ بِٱلۡقَلَمِ﴿٤

4Сондай қаламмен үйреткен.

عَلَّمَ ٱلۡإِنسَٰنَ مَا لَمۡ يَعۡلَمۡ﴿٥

5Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен.

كَلَّآ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَيَطۡغَىٰٓ﴿٦

6Сөз жоқ,адам баласы әрине азады;

أَن رَّءَاهُ ٱسۡتَغۡنَىٰٓ﴿٧

7Ол,өзін мұңсыз көргендіктен.

إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلرُّجۡعَىٰٓ﴿٨

8Шын мәнінде қайту Раббың жақ.

أَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي يَنۡهَىٰ﴿٩

9Көрдің бе,сондай тыйым салғанды;

عَبۡدًا إِذَا صَلَّىٰٓ﴿١٠

10Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р)

أَرَءَيۡتَ إِن كَانَ عَلَى ٱلۡهُدَىٰٓ﴿١١

11Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да,

أَوۡ أَمَرَ بِٱلتَّقۡوَىٰٓ﴿١٢

12Немесе тақуалықты бұйырған болса да.

أَرَءَيۡتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰٓ﴿١٣

13Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса?

أَلَمۡ يَعۡلَم بِأَنَّ ٱللَّهَ يَرَىٰ﴿١٤

14Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме?

كَلَّا لَئِن لَّمۡ يَنتَهِ لَنَسۡفَعَۢا بِٱلنَّاصِيَةِ﴿١٥

15Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз;

نَاصِيَةٖ كَٰذِبَةٍ خَاطِئَةٖ﴿١٦

16Өтірікші,күнәкардың кекілінен.

فَلۡيَدۡعُ نَادِيَهُۥ﴿١٧

17Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын.

سَنَدۡعُ ٱلزَّبَانِيَةَ﴿١٨

18Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.

كَلَّا لَا تُطِعۡهُ وَٱسۡجُدۡۤ وَٱقۡتَرِب۩﴿١٩

19Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында!

RELATED SURAHS