الفجر
The Dawn • 30 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Ағарған таңға,
2Он күн кешіне,
3Әр жұп пен таққа,
4Өткен түнге серт.
5Бұлар,ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?
6(Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдіңбе?
7Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы;
8Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді.
9Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліні (не істегенін.7С.74А.,15С.72А., 26С.149А.)
10Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін. (28С.12А)
11Сондай олар,мемлекеттерде шектен шыққан еді.
12Сонда олар,ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.
13Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқа ұшыратты)
14Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.
15Ал енді адамзат,қашан Раббы оны сынай сыйлап,игілікке бөлесе : «Раббым мені сыйлады» дейді.
16Қашан оны сынап,несбесін тарайтса: «Раммым мені қорлады» дейді.
17Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер.
18Бір-біріңді,міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар.
19Мирасты тұтас жеп аласыңдар.
20Сондай ақ малды өте мөте жақсы көресіңдер.
21Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте,
22Раббың келіп,періштелер сап сап болған кезде
23Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?
24Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді» дейді.
25Сонда,сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды.
26Сондайақ ешкім Оның матауын матай алмайды.
27Әй орныққан нәпсі!
28Раббыңа,Ол сенен,сен Одан разы болған түрде қайт!
29Енді құлдарымның арасына кір!
30Сондайақ жаннатыма кір!