الانشقاق
The Splitting Open • 25 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Аспан жарылған сәтте,
2Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде,
3Жер созылған сәтте,
4Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте,
5Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде;
6Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың.
7Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе;
8Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі.
9Ол,үй ішіне-қуанып кайтады.
10Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе;
11Сонда ол,дереу өлім шақырады.
12Қайнаған тозаққа түседі.
13Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді.
14Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады.
15Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді.
16Жоқ,шапақ уақытына,
17Түнге әрі ішіндегі нәрсеге,
18Толған айға серт.
19Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер.
20Сонда оларға иман келтірмейтін не болды?
21Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды.
22Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді.
23Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі.
24(Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле.
25Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар.