القارعة
The Striking Calamity • 11 ayahs • Meccan
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1Зор уақиға,
2Ол зор уақиға не нәрсе?
3Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?
4Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(54-С.7-А)
5Таулар түтілген жүндей болады.
6Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,
7Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.
8Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,
9Онда оның орны «һауя» болады.
10Ол һауяның не екенін білесің бе?
11Ол,жалындаған от.